Ақмола облысында жыл басынан бері 11 адам қызылша жұқтырды

қызылша
Фото: iStock

Ақмола облысында биылғы жылдың басынан бері қызылша жұқтырудың 11 дерегі тіркелді, оның 8-і бала, деп хабарлайды Kazinform.

Ақмола облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусинаның мәліметінше, соңғы бірер айда өңірде қызылша жұқтырғандар саны артқан.

– Өткен жылы Ақмола облысында қызылша жұқтырғандар саны 490 адамға жетсе, 379 жағдайда (зертханалық – 218 жағдай (58%), эпидемиологиялық байланыс бойынша – 66 (17%), клиникалық – 47 (12%) расталды. Төртінші тоқсанда 340 жағдай тіркелді, яғни, өсім 30 есеге жоғары, – деді Айнагүл Мусина.

Айтуынша, ауырғандардың 90 пайызы қызылшаға қарсы екпе алмаған. Оның ішінде 60 пайызы өздері немесе олардың ата-аналары бас тартқандықтан екпе алмаған.

Қазіргі кезде, облыста 34 094 мөлшер екпе бар. Облыс бойынша 9 айдағы 8 734 балаға қызылшаға қарсы екпе салынды. 

Айта кетсек, бұдан бұрын Айжан Есмағамбетова Қазақстанда қызылшаның таралу себебін айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар