Ақмола облысында жоғалған студент қыз Астанадан табылды

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы студент қыз бір тәуліктен кейін астанадан табылды, деп хабарлайды Kazinform.

полиция
Фото: Polisia.kz

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бойжеткенді облыс орталығы аумағынан бөлек, Астана қаласынан да іздеді.

— Тура бір тәуліктен кейін тәртіп сақшылары жоғалған студентті Астана қаласынан тауып, туысқандарына тапсырды, — деді ведомстводан.

жоғалд
Фото: Ақмола облысы ПД

Сонымен бірге, осыдан он күн бұрын, яғни қазанның 24-де үйінен кетіп қалған Қосшы қаласындағы мектептердің бірінің 14 жасар оқушысы да астанадан табылды.

Қыз бала бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген.

Бұл жолы ата-анасы 9 күн өткен соң барып полициядан көмек сұраған.

Осы ретте тәртіп сақшылары ата-аналардан балаларына бақылауды күшейтуді және жоғалған кезде дереу полицияға хабарлауды сұрайды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында 18 жастағы студент қыздың жоғалғанын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар