Ақмола облысында жол апатынан екі адам мерт болып, төртеуі жарақат алды

АСТАНА. KAZINFORM – Көкшетау-Атбасар тасжолында болған апаттан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы төрт адам жарақат алып, ауруханаға түсті.

Алматыда жол апаты
Фото: Kazinform

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты биылғы жылдың 21 тамызында облыстық маңыздағы «Көкшетау-Атбасар» автожолының 115 шақырымында сағат 13:35-те Максимовка ауылының маңында болған. Онда «Москвич-412» мен «Hyundai Mafiас» көліктері соқтығысқан.

-Жол апаты салдарынан «Москвич-412» көлігінің жүргізушісі мен жолаушыларының бірі оқиға болған жерде көз жұмған. «Москвич-412» көлігінің тағы бір жолаушысы, «Hyundai Mafiас» көлігінің жүргізуші мен екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді,-деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өңір полициясы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарына осындай жағдайлардың алдын алу үшін жылдамдық режимін сақтап, бұған әсіресе көлік қозғалысы тығыз жерлерде ерекше назар аудару керектігін және көліктің техникалық жағдайын да бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.

Осыған дейін Астанада самокатшыны көлік қағып кеткені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар