Ақмола облысында жол жабылды
АСТАНА.KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
2026 жылғы 10 наурыз сағат 09:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 16-135 шақырым аралығы (Астана қаласы – Астараханка ауылы);
- «Астана – Қорғалжын (Қорғалжын қорығына кіреберіс жолымен)» автожолының 19-180 шақырым аралығы (Астана қаласы – Қаражар ауылы).
Жолды 2026 жылғы 10 наурыз сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін 10 наурызда республика жолдарындағы ахуал қандай екенін жазған болатынбыз.