Ақмола облысында жолда қалған 191 адам құтқарылды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола облысында бір тәулік ішінде жолда қалған 191 адам құтқарылды. 

Ақмола облысы
Фото: ТЖД баспасөз қызметінен

«Жақсы ауданы аумағында «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолында «Астана-Челябинск» бағытында жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы істен шығып, 64 адам эвакуацияланды, оның 17-сі бала. Жолаушылардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары. Арада 3 сағат өткенде тағы бір автобустан 54 өзбекстандық жолаушылар (оның 3-еуі бала) құтқарылды. Сонымен бірге сол күні сағат 23:25 шамасында «Алматы-Екатеринбор» автожолында Тәжікстан Республикасының азаматтары отырған автобустың 71 жолаушысы эвакуацияланды. Ал, «Астана-Щучье» автожолында 2 отандасымыз жылыту орнына жеткізілді. Құтқарылғандардың бірде-біреуі медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», - деп түсіндірді Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында 65 тәжікстандық жолаушы құтқарылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар