Ақмола облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті
Ақмола облысының «Аршалы-Анар» аралығында Қостанай – Какир (Өзбекстан Республикасы) бағытындағы жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Kazinform.


Көліктегі ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, теміржол апаты қарашының 16-да болған.
- Қазіргі кезде бұл дерек Қылмыстық кодекстің 344-бабының 1-бөлігі бойынша Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген (қозғалыс қауіпсіздігі немесе темір жол көлігін пайдалану қағидаларын бұзу). Зардап шеккендер жоқ. Тергеу жүріп жатыр, - деді ведомстводан.

Департаментінің баспасөз қызметінен түсіндіргендей, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Айта кетсек, бұдан бұрын әкесінің рұқсатымен рульге отырған 13 жасар ақмолалық жол апатына түскенін жазған едік.
