Ақмола облысындағы ауылдардың бірі Жаңа жыл қарсаңында ауызсусыз қалды
АСТАНА. KAZINFORM - Жаңа жылға тура бір күн қалғанда Баянбай ауылындағы ауызсудан жағымсыз иіс шығып, түсі өзгеріп кетті.
Баянбайлықтардың өзі бұл жақын жердегі батпақ суы деп жорамалдайды. Ал шенеуніктер ауылға су таси бастады.
— Біз, Баянбай ауылының тұрғындары, сіздерден көмек сұрап отырмыз. Жаңа жыл күні ауылымыз сусыз қалды. Су тек демалыс күні келетінін айтты, оған дейін біз не істеуіміз керек? -дейді ауыл тұрғыны Людмила Шелест.

Әкімдік ауыл тұрғындарына су жеткізуге уәде берді. Алайда тұрғындардың барлығы мал ұстайды және сырттан тасыған су жетпейді деп қорқады.
Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов «ҚазАқпарат» ХАА тілшісімен телефон арқылы сөйлескенде ауылда су құбыры тартылғанын атап өтті.

- Қазір судың иісі бар, біз иістің себебін анықтап, оны жоюға тырысып жатырмыз. Мамандардың барлығы сонда. Сумен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды. Бірақ тамыз айында апат болған жоқ. Жаңа су құбыры іске қосылмаған, олардың бұрынғымен ортақ ештеңесі де жоқ, - деді ол.
Аудан басшысы судың түсін өзі көрмесе де, краннан келетін суды малға пайдалануға болатынын да айтты.
Осыған дейін Ақмола облысында ондаған қоғамдық тамақтану орны лицензиясыз жұмыс істейтіні туралы жаздық.