Ақмола облысындағы жол апатынан 3 адам қаза болды
АСТАНА. KAZINFORM – Оқиға орнында бір көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамыз күні сағат 243-ші шақырымда «Астана — Петропавл» автожолында «Hyundai Elantra» және «ВАЗ-2107» автокөліктері соқтығысқан.
— «ВАЗ-2107» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал «Hyundai Elantra» көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді, — деді жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары Уалихан Жүнісбеков.
Қазіргі таңда өңір полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Құқықтық шешім тергеу нәтижесі бойынша қабылданады.
Айта кетейік, жол апаты болған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жолда жылдамдық режимін, арақашықтықты сақтап, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде аса мұқият болуға шақырады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Екатеринбург-Алматы трассасындағы жол апатынан төрт адам қаза тапқан еді.