Ақмола облысындағы жолды бұршақ басып қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Макинск қаласына тамыздың 30-ы күні жауған қар Ақмола облысындағы жолда қозғалысқк кедергі келтірді.

Град парализовал движение на трассе в Акмолинской области
Фото: видеодан алынған кадр

Макинск тұрғындары әлеуметтік желіде ауа райының қолайсыздығына шағымданды. 30 тамыз күні онда бұршақ жауып, қала маңындағы жолды басып қалған.

-Ауа райы қандай екенін қараңыздар - қар. Бұл – «Астана Бурабай» тарассасында, бұлай болады деп кім ойлаған, 2025 жыл! – деп жазды жергілікті тұрғындардың бірі.

«Қазгидромет» РМК Ақмола облыстық филиалының хабарлауынша, бұған дейін 30 тамыз күні өңірдің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, күшті жел тұратыны жөнінде ескерту жарияланды. Түнде облыстың солтүстік және шығыс бөлігінде, ал күндіз жалпы аймақта найзағай ойнайтыны ескертілді.

Осы қолайсыз ауа райы жағдайында жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 30 тамыз күні сағат 13:09 шамасында «Hyundai Tucson» автокөлігінің жүргізушісі Көкшетау қаласына қарай бағыт алып келе жатып, жолдың 196-шақырымында қашықтықты сақтамай, оған қоса бұршақ пен жауын салдарынан рөлге ие бола алмай қалып, алдында келе жатқан «Volkswagen Polo» көлігіне соқтығысқан.

— Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Volkswagen Polo» автокөлігінің жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиғаға байланысты «Hyundai Tucson» жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, — деп мәлімдеді ведомство.

Ақмола облысында жол апатынан екі адам мерт болып, төртеуі жарақат алғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар