Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумда өз дауысын облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында орналасқан №18 сайлау учаскесінде берді.

в
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Марат Ахметжанов ақмолалықтарды азаматтық жауапкершілік танытып, референдумға қатысуға шақырды.

а
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

– Референдум – бұл халықтың азаматтық кемелдігі мен саяси санасы айқын көрінетін сәт. Барша өңір тұрғындарын бірлік танытып, белсенділік көрсетіп, дауыс беру арқылы өз пікірін білдіруге шақырамын, – деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кетейік, Ақмола облысында 760 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

а
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар