16:23, 09 Сәуір 2024 | GMT +5
Ақмола облысының Есіл ауданында 460 адам эвакуацияланды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысының Есіл ауданында 400-ден астам адам эвакуацияланды, оның ішінде 143 бала бар.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде өңірдің бірқатар аудандарында су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр.

«Есіл өзенінде судың бөгелуі және оның сағасы - Қызыл су өзенінде судың арнасынан асуып кетуіне байланысты Есіл ауданының Ленинское, Игілік және Свободное ауылдарында адамдар мен үй жануарлары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Бір тәуліктің ішінде аталмыш елдімекендерден 461 адам, оның ішінде 143 бала эвакуацияланды. Сонымен бірге, 17 бас ірі қара мен 25 шошқа қауіпсіз жерге шығарылды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Атбасарда 150-ден астам адам эвакуацияланғанын жазған едік.
