15:56, 25 Қараша 2023 | GMT +5
Ақмола облысының тұрғыны дүниеге үшем әкелді
Ақмола облысының тұрғыны дүниеге үшем әкелді, үшеуі де ұл бала, деп хабарлайды Kazinform.

Үшемді дүниеге әкелген - Зеренді ауданы Ескенежал ауылының Ардахан Кавяев есімді тұрғыны. Бұл туралы Зеренді ауданының әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Керемет жаңалықпен бөлісуге асығамыз! Кавяев Ардахан есімді Ақадыр ауылынан келген Шағалы ауылдық округінің тұрғыны елімізге үш әдемі батыр сыйлады. Қуанышты жаңалық құтты болсын!», - деп жазылған әкімдіктің ресми парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үшем Астана қаласындағы Ана мен бала орталығында дүниеге келген.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысының Щучье қаласында Қазақстанның 20 млн-шы тұрғыны — қыз бала дүниеге келгенін жазған едік.