17:49, 14 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Ақмола облыстық ішкі істер департаментінде тіл онкүндігі аясында жылдың үздік қызметкерлері анықталды
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облыстық ішкі істер департаментінде тіл онкүндігі аясында «Мемлекеттік тіл- менің тілім» байқауы өткізіліп, жылдың үздік қызметкерлері анықталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, игілікті іс -шараға барлық аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдерінен, облыстық департаменттен 19 үміткер қатысып, жүзден жүйрік шыққандар сый-құрметке бөленген. Байқау бағдарламасына орай әр қатысушы өзін-өзі таныстыру, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу, қазақ салт-дәстүрінен көрініс жасау, мақал-мәтелдер мен ақындар өлеңін мәнерлеп оқудан сынға түсті. Қазылар алқасының ұйғарымымен бұл жолы Степногор қалалық ішкі істер бөлімінен Анатолий Цысан, Ақкөл аудандық ішкі істер бөлімінен Равиль Абулханов пен патрульдік полиция батальонынан Джамиль Газиев жеңіс төрінен көрініп, қошаметке бөленді.