Ақмола облыстық ішкі істер департаментінде жаңа тағайындау жасалды

КӨКШЕТАУ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қанат Бабажанов Ақмола облысына қарасты Шортанды аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қанат Қайроллаұлы 1986 жылы КСРО ІІМ жоғары оқу орнын бітіріп, заңгер мамандығын меңгерген. Еңбек жолын 1982 жылы Атбасар аудандық ішкі істер бөлімінде қылмыстық іздестіру бөлімшесінде жедел уәкіл қызметінен бастаған. Ішкі істер органында әкімшілік қызметтерге ауыстырылып, кейінгі жылдары облыстық ішкі істер департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы міндетін атқарып келген болатын.

Соңғы жаңалықтар