Ақмола облыстық кедендік бақылау қызметі бюджетке 16,7 млрд. теңге құйды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша кедендік бақылау департаменті өткен жылы салық және басқа да кедендік төлемдерден бюджетке 16,7 миллиард теңге қаржы аударған, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 14,5 пайызға артық,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы уақыт аралығында өңірдің сыртқы экономикалық байланысы 2007 жылмен салыстырғанда 39,4 пайызға артып, 2 миллиард 497 миллион АҚШ долларын құрады. Бүгінде өңірдің сыртқы байланысында астық, табиғи уран, подшипник, молибден құрамасы мен кені басымдыққа ие. Оның есесіне шет елдерден ауыл шаруашылығы техникалары мен озат технология көптеп жеткізілуде. Жыл ішінде департамент құқық қорғаушылары кеден заңдылығын сақтамауға байланысты 7 қылмыстық және 151 әкімшілік іс қозғап, бір миллион 200 мың теңге айыппұл өндіріліп алынды. Сот қарауына 69 әкімшілік іс жіберіліп, бір миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Соңғы жаңалықтар