Ақмола облыстық мәслихаты жұмыс орындарын сақтау шарасын қолға алды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Өмірсерік Мұсабаевтың төрағалығымен өткен қалалық және аудандық мәслихат хатшыларының отырысында жергілікті жерлерде жұмыс орындарын сақтау, бағаны тұрақтандыру, шағын және орта бизнесті өркендетудегі бірлескен іс-қимыл жайы сарапталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Басқосу аясында экономикалық дағдарыстан ең аз шығынмен шығу, жұмысшы кадрларын сақтап қалу, алыпсатарлыққа жол бермеу қарастырылды. Ең бастысы, құзырлы органдардың бірлесіп жұмыс істеуіне ерекше назар аударылды. Жергілікті басқару органдарына әкімдікпен тығыз қарым-қатынас орнатуға жете көңіл бөлу жайы тиянақталды. ҚР жаңа Бюджеттік кодексінің қабылдануына байланысты мәслихаттардың тексеру комиссияларының жұмысын ұйымдастыруда енгізілген өзгерістер әңгіме арқауына айналды. Жиын барысында мәслихат жұмысын ұйымдастыру кеңесі құрылып, оның басшылық құрылымы сайланды.
Соңғы жаңалықтар