10:19, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы баспасөз өкілдерімен ынтымақтаса жұмыс атқармақ
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық мәслихатының жаңадан сайланған хатшысы Өмірсерік Мұсабаев республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, өзара ынтымақты жұмыс жасау жайында пікір алмасты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кездесу аясында мәслихат жұмысын кеңінен насихаттау, депутаттардың іс- жоспарынан хабардар ету, депутаттардың әкімдерді сайлау кезіндегі іс- әрекеттері, жергілікті құрылым басшыларын мәслихаттың қолдауымен тағайындау жайы әңгіме болды. Сондай-ақ атқарушы органдар мен мәслихаттар депутаттарының жылдың басты құжатын әзірлеу барысындағы пікір алмасуы, аймақтық бағдарламалардың орындалуын қадағалау жайы қарастырылды. Жүздесу барысында облыстық мәслихат хатшысы баспасөз өкілдерінің сан алуан сауалдарына жауап беріп, алдағы күндерде жиі кездесіп, пікір алмасуға уағдаласты.