10:22, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Ақмола облыстық прокуратурасы мен «Нұр Отан» ХДП филиалы «Ашық есік күнін» өткізді
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысының прокуроры Серікбай Ерімбетов «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы облыстық филиалында «Ашық есік күні» қоғамдық қабылдау шарасын өткізіп, тұрғындармен өзекті мәселелер туралы пікір алмасты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Іс шараға қатысқан «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Николай Политкин қабылдау барысында туындаған өзекті мәселелерді саралап, өз ойын ортаға салды. Бұл жолы өңірдің 20 тұрғыны өздерін толғандырып жүрген сауалдарымен келген. Олардың дені тұрғын үйлерін жекешелендіру, сот шешімдерінің жөнсіздігі мен олардың орындалуы, жер телімдерін бөлу, жергілікті әкімдік қызметкерлерінің өз міндеттеріне немқұрайлы қарауы, тұрғын үймен қамтамасыз ету жайында өрбіді. Облыс прокуроры мен филиал төрағасының орынбасары әрбір өтініш иесімен ашық әңгімелесіп, мәселенің жай-жапсарына қанық болып, оны ретке келтірудің жолдарын қарастырып, тиісті жауап қайтарып отырды. Бірқатары бойынша тиісті құрылымдарға хаттама жолданып, бақылауға алынды.