Ақмола облыстық прокуратурасы өткен жылы 29,2 мың адамның конституциялық құқын қорғады

КӨКШЕТАУ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысының прокуроры Болат Абдулов республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, өткен жылдың қорытындысы, алдағы міндеттер турасында түсінік берді.
None
None

Облыс прокурорының хабарлауынша, жыл ішінде 29,2 мың адамның конституциялық құқы қорғалып, 11,4 мың адамның қордаланып қалған 443 миллион теңге мөлшеріндегі жалақы боршы өтелген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған заңнаманың қолданылуына ерекше назар аударылып, 217 тексеру өткізіліп, 413 заң бұзушылық анықталған, 106 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қадағалау актілері бойынша 9 миллион теңгеден астам қаржы өндіріліп алынды. Тексеру барысында 4 мыңнан астам баланың конституциялық құқы қорғалып, 300 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды. Жер заңнамасын қолдану бойынша 267 заңсыздық анықталып, 61 құқықтық актінің күші жойылып, 30 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 5 талап-арыз сотпен қанағаттандырылды.

Облыстық прокуратура органдарымен 376 қылмыс бойынша қылмыстық істер қозғалды, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 66,7 пайызға артық. Прокурордың наразылығымен 70 тұлғаға қатысты 43 үкім заңға сәйкестендірілді.

Баспасөз мәслихатында журналистер өздерін толғандырған сан алуан сауалдар турасында нақтылы жауап алды.

Соңғы жаңалықтар