12:21, 28 Ақпан 2009 | GMT +5
Ақмола облыстық соты бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік материалдарға байқау жариялады
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық сотының төрағасы Өмірсерік Қожабаевтың айтуынша, баспасөз бетіндегі үздік материалдарға байқаудың басты мақсаты - сот билігінің беделін, соттардың тәуелсіздігі мен дербестігін нығайту, азаматтардың құқықтық тәрбиесін арттыру, соттардың қызметін кеңінен насихаттау болып табылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл жолы байқауда жеңімпаздардың кәсіби шеберлігіне, жарияланып отырған құқықтық мәселелерді терең баяндауына, сот қызметінің, заң күшіне енген сот шешімдерінің әділ және шынайы жариялануына, көтерілген мәселелердің көкейкестілігіне ерекше мән берілетін болады. Үміткерлерге қойылатын басты талап осы тұрғыда қарастырылады. Байқауға ұсынылған материалдар сот әділдігін жүзеге асыру бойынша облыс көлеміндегі аудандық, қалалық соттардың қызметі және билігі турасында хабардар деңгейін, дауларды құқықтық тәсілдермен шешуге сенімін нығайтуға бағытталмақ.
Мұның өзі, сайып келгенде, сот әділдігін іске асырудағы негізгі тұлға ретінде судьяны құрметтеу, судьялар мен сот аппараттары қызметкерлерінің жұмысындағы жетістіктер туралы азаматтарды хабардар ету, сот жүйесіндегі көкейтесті мәселелерге назар аударуға себепкер болмақ.