Ақмола облысы аумағында «Жол қауіпсіздігі» іс-шарасы барысында 807 қозғалыс ережесін бұзу оқиғалары тіркелді
36 адам мерт болып, 128-і әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаларға жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі басқарма баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз орталығының хабарлауынша, мамыр айының соңғы бес күнінде «Жол қауіпсіздігі» алдын алу іс-шарасы барысында 807 жол қозғалыс ережесін бұзушылық тіркелген. Бұл ретте 75 жүргізуші ішкілік ішіп жолға шықса, 66-сы жылдамдықты шамадан тыс арттырып жіберіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге апатты жағдай қалыптастырған 17 жүргіншіге тиісті әкімшілік жаза қолданылды. Осы уақыт аралығында сақтық белбеуін тақпауға қатысты - 142, ұялы телефонды жүріп келе жатып қолданған - 15, басқа да жол ережесін сақтамауға орай 93 жүргізуші заң алдында жауап берді. Ұрланып кеткен үш көлік иесіне қайтарылды.