Ақмола облысы баспана құрылысында Қазақстан өңірлері арасында екінші орында

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Екі айдың қорытындысы бойынша баспана тапсыру мен құрылыс жұмыстары тұрғысында Ақмола облысы Қазақстан өңірлері арасында екінші орында тұр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің Ақмола облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихатында аталған облыстың әкімі Сергей Кулагин мәлім етті.

Әкімнің сөзіне қарағанда, «Нұрлы жол» бағдарламасы құрылыс жұмыстарын 106 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік берді. 282 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, осы орайда 2 200 отбасы баспаналы болды.

Сонымен қатар ол 2015 жылдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге тоқталып өтті. Атап айтқанда, өнеркәсіп көлемінің өсімі 106,9 пайызды құрады. Облыс экономикасына 200 млрд. теңгеге тарта инвестиция тартылып, оның 14,2 млрд. теңгесі сыртқы инвестициялар.

«Облысымыздағы жалғыз төмен көрсеткіш - ол орташа айлық жалақының деңгейі болып отыр. Бұл ретте 13-орындамыз. Алайда, жылдың қорытындысы бойынша ондыққа енеміз деген ойдамын»,-деді С. Кулагин.

Соңғы жаңалықтар
telegram