Ақмола облысы бойынша Ревизиялық комиссия бөлімінің бұрынғы басшысы 800 мың теңге пара алғаны үшін ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті Ревизиялық комиссия бөлімінің бұрынғы басшысы И.Темірбаевты ұстады.

И.Темірбаевтың адамдар тобымен бірігіп, балабақшаны тексеру кезінде анықталған бұзушылықтарды бақылау актісінде тіркемеу үшін жеке тұлғадан 800 мың теңге көлемінде пара алғаны анықталды.

Ұлттық бюроның баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазіргі кезде Темірбаев Көкшетау қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар