14:52, 30 Наурыз 2013 | GMT +5
Ақмола облысы: Патрульдік полиция батальоны қатарында «тазарту» жұмыстары жалғасуда
АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Ақмола облысы ІІД патрульдік полиция батальоны қатарында «тазарту» жұмыстары жалғасу үстінде.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде патрульдік полицейлер тарапынан бұйрық талаптарын орындамау фактілері анықталды, деп хабарлайды аталған ІІД-нің баспасөз қызметі.
Арнайы жиын барысында ІІД бастығы Ақан Қажкенов батальонның басшылық құрамының жұмысын қатаң сынға алды. Отырыс барысында бұйрық талаптарын өрескел бұзғаны үшін патрульдік полиция батальонының қызметкерін жұмыстан босату туралы шешім шығарылды. Полицей өз еркімен шолғыншылық бағдарын тастап кеткен көрінеді. Сонымен қатар тағы үш полиция қызметкерін жұмыстан шығару шешімі қабылданды.
Батальонның әр қызметкеріне жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылатыны қаперге салынды.