Ақмола облысына көшпелі отырыста орман шаруашылығы мәселелері талқыланбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13-14 қазан аралығында Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті Ақмола облысына (Зеренді ауылы) көшпелі отырыс өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Көшпелі отырысқа аталған комитет төрағасы Сапархан Омаров жетекшілік жасап,   ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде өткізіледі.

Қатысушылар алдында Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев баяндама жасайтын болады.

Отырысқа парламентшілер, ауылшаруашылығы министрлігінің өкілдері, қаржы, энергетика, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ішкі істер, әділет, инвестиция және даму, білім және ғылым, министрліктерінің, БҰҰ бағдарламасының өкілдері қатысады.

Сондай-ақ, шақырылғандардың ішінде жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, орман шаруашылығымен айналысушылар, отандық ғалымдар да болады.

Бағдарлама бойынша  қатысушыларға Астана қаласы жасыл аймағының обьектілеріне бару (Астана-Щучинск тас жолы бойымен, «Көкшетау» МҰТП Зеренді филиалы (табиғат қорғау және ғылыми мекеме, ағаш өңдеу зауыты), Кіші -Түкті КММ (орман көшетжайында) болып, көшпелі отырыс өткізу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар