12:28, 30 Наурыз 2015 | GMT +5
Ақмола облысына «Саламатты Қазақстан» емдеу-диагностикалық пойызы келді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Аршалы ауданына республикалық «Саламатты Қазақстан» акциясының аясында емдеу-диагностикалық пойызы келді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аудан тұрғындары қатарынан екі күн бойы жылжымалы емдеу орталығында тегін тексеріліп жоғары білікті мамандардан ақыл-кеңестер алды.
Пойыз вагондары заманауи клиникалық-зерттеу құралдары мен рентген қондырғыларымен жабдықталған. Онда кішігірім емханалық оталар мен стомотологиялық көмек көрсетумен қоса үлкен кешенді диагностикаларды жасауға мүмкіндік береді.