10:01, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
Ақмола облысынан келген жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушысы қайта даярлықтан кейін дәнекерлеуші болып жұмысқа орналастырылды
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Рақымжан Түсіпбеков «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қатысушысы, Ақмола облысының Астрахань ауылында орналасқан №16 кәсіби лицейінде 3 ай қайта даярлықтан өтіп, дәнекерлеуші мамандығын алды.

Оқу барысында жатақханада тегін тұруға және жолақыға субсидиялық әлеуметтік қолдауға ие болды.
Оқу аяқталған соң «Егіндікөл мемлекеттік сапа сынау учаскесіне» дәнекерлеуші болып орналасты, жалақысы 35 мың теңге мөлшерінде.