09:54, 17 Қаңтар 2011 | GMT +5
Ақмола облысынан өткен жылы алыс және жақын шет елдерге 19 129 адам қоныс аударды
КӨКШЕТАУ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық статистика департаментінің деректеріне сәйкес, өткен жылы облыс аумағынан алыс және жақын шет елдерге 19 мың 129 адам қоныс аударған, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 1 889 адамға кем.

Осы уақыт аралығында облысаралық көші-қон бойынша өңірге 7 646, алыс шет елдерден 744, ТМД елдерінен 1 342 адам көшіп келсе, 12 872 адам республика көлеміне, алыс шет елдерге 145, достастық республикаларына 1 869 адам қоныс аударыпты. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, көші-қон сальдосы өткен жылмен салыстырғанда 2 723 адамға кем.