08:15, 15 Шілде 2009 | GMT +5
Ақмола облысында 1 миллион 200 мың тонна мал азығы әзірленеді
КӨКШЕТАУ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтеріне сәйкес өңірде алдағы мал қыстату маусымына 1 миллион 200 мың тонна жем-шөп әзірленетін болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазірдің өзінде қыстақ басына алғашқы 650 мың тонна құнарлы азық жеткізіліп, межелі мөлшердің 50 пайыздан астамы дайындалған көрінеді. Шөп шабу науқанын қарқынды, жоғары технологиялық талапқа сай жүргізіп отырғандар сапынан Жақсы, Егіндікөл, Целиноград ауданындағы ауыл шаруашылығы құрылымдары көрініп отыр. Оларда қазіргі кезде қажетті мал азығының 70-72 пайызы дайындалған.