Ақмола облысында 1 мыңнан астам полицей полиграфологиялық тексерістен өтті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Өткен жылы 1 мыңнан астам ақмолалық полицейлер полиграфологиялық тексерістен өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы қаулысына сәйкес ішкі істер органдарының қызметкерлерін полиграфологиялық зерттеу өткізудің ережесі бекітілген болатын.
Қазіргі таңда «өтірік детекторы» жүйесі құқық қорғау органдарында кеңінен қолданылады. Осы күні ішкі істер органдарына қызметке қабылданатын немесе жұмыс істеп жатқан қызметкерлер міндетті түрде полиграфологиялық тексеруден өтеді. Осы арқылы психологтар қызметкердің жағымсыз мінезін анықтай алады.
Өткен жылы Ақмола облысы ІІД 1000 астам қызметкері полиграфологиялық тексерістен өтті.