Ақмола облысында 100-ге жуық жылқыны айдап әкеткен барымташылар ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 91 жылқыны айтап әкеткен барымташылар тобы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында 100-ге жуық жылқыны айдап әкеткен барымташылар ұсталды

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Аршалы және Целиноград ауданының ІІБ қызметкерлері Аршалы ауданының Жібек жолы ауылы тұрғынының қорасынан ұрланған жылқыларды тапқан.

Кейін жылқылардың 2-ші қазан күні Қарағанды облысындағы Нұра ауданы Ахмет ауылынан жайылып жүрген жерінен ұрланғаны анықталды. Жедел-іздестіру шарасы барысында күдіктілердің бір үйір жылқыны Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылына жасырғаны белгілі болды. Артынша, Жібек жолы және Сарыоба ауылдарында осы қылмысқа қатысты 4 күдікті ұсталды. Күдіктілердің еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды. Оған қоса, астаналық 1979 жылғы тағы бір күдікті (шаруа қожалығының басшысы)  қолға түсті.

Қазіргі кезде ұрланған жылқылардың бір бөлігі иесіне қайтарылды. Сондай-ақ, осы ұрлыққа байланысты қозғалған қылмыстық іс материалдары Қарағанды облысының Нұра аудандық ІІБ жолданды.

Жалпы, жыл басынан бері Ақмола облысы аумағында мал ұрлығына қатысты 150 қылмыстың беті ашылды.