Ақмола облысында 11 елді мекен мен 90 көшенің атауы өзгертіледі

Жиында Ақмола облысындағы кейбір елді мекендердің және құрамдас бөліктердің атауларын қайта атау бойынша 11 елді мекен, 4 ауылдық округ және 93 көшені қайта туралы барлығы 108 ұсыныс қаралды.
«Облыстық ономастика комиссия мүшелері 1 қала мен 8 ауданнан келген ұсыныстарды талқылап, 11 елді мекен, 4 ауылдық округ және 90 көшеге оң қорытынды берді. Яғни, облыстық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алған қайта атау туралы ұсыныстар «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабы, 5-тармағы мен 14-бабы, 4-тармағына сәйкес аудандық өкiлдi және атқарушы органдарының, сонымен қатар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің қарауына жолданды», - делінген ішкі саясат басқармасының хабарламасында.
Соынмен бірге комиссия отырысында Есіл ауданының 1 көшесі мен Жарқайың ауданының 2 көшесін «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-5-бабына сәйкес ономастика жұмысының критерийлері негізінде қайта атау туралы ұсыныстары қабылданбады.