Ақмола облысында 11 жасар бала дәретхананың төбесінен секіріп мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ойнап жүріп дәретхана төбесінен секірмек болған 11 жастағы ұл бала мерт болды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Пинчук хабарлады.

«Қайғылы оқиға наурыздың 27-сі күні Зеренді ауданының Исаковка ауылында болған. Бұл туралы кешкі уақыт 18:07 шамасында Зеренді аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне 1991 жылғы әйел адам хабарлаған. Оның айтуынша, 2005 жылы туған баласы ойнап жүріп, үй ауласында тұрған дәретхананың төбесінен баспен қарға секірген. Осының салдарынан ойын баласы дәрігерлер келгенше ес жимастан көз жұмды», - деді Г.Пинчук.

Қазіргі кезде, баланың денесі мәйітханаға жеткізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар
telegram