Ақмола облысында 13-тегі қыз төрт тәуліктен бері табылмай жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 13 жастағы жасөспірім Әйгерім Хайдароваға әлі табылмай жатыр. Іздестіру жұмыстары төртінші тәулік жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Іздестіру жұмыстарына ПД аппарат мен Көкшетау қалалық ПБ жеке құрамы, ТЖД жеке құрамынан 20 адам және Ұлттық гвардия 5510 әскери бөлімінің 30 сарбазы, 79 волонтер, екі квадрокоптер жұмылдырылған», - дейді ведомстводан.

Полиция қызметкерлері атап өткендей, қазіргі кезде «Көкшетау – Краснояр – Нұрлы көш» бағытындағы жолаушылар автобусы мен өзге де көліктер тексеріліп, тұрғындардан сұрастырылып жатыр. Краснояр ауылы мен сол маңдағы елді мекендердің, орман, көлдердің, бас жатқан ғимараттар мен кәріз құдықтары, қоқыс төгетін полигон аумағы тексерілуде. Жасөспірімнің сыныптастары мен достарынан сұрастырылды.

Айта кетейік, 21 тамызда Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жоғалған қыздың анасы жүгінген. Анасының айтуынша, Әйгерім 20 тамызда сағат 15:00 шамасында Нұрлы көш ауылында тұратын үйден шығып, шаштаразға кеткен. Содан қайтып оралмаған, ұялы телефоны өшірулі, қайда екені белгісіз.


Соңғы жаңалықтар