00:00, 03 Шілде 2023 | GMT +5
Ақмола облысында 1500 домбырашы бір мезетте күй тартты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында Ұлттық домбыра күніне орай 1 мыңнан астам іс-шара өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының мәдениет басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Домбыра күніне және қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына арналған «Күмбірлеген күміс күй» атты облыстық байқау өткен.
Екі кезеңнен құралған байқауға Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Шортанды аудандары мен Степногорск, Қосшы және Көкшетау қалаларынан барлығы 18-35 жас аралығындағы 20-дан астам күйші қатысты.



