Ақмола облысында 2015 жылдың қаңтар-ақпанында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 9 млрд. теңгені құрады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық статистика департаменті 2015 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын жариялады.
None
None

Демографиялық жағдай. 2015 жылғы 1 ақпанға облыс халқының саны 737 мың адамды құрады немесе Республика халқының 4,2 пайызы. Көкшетау қ.ә. 155,9 мың адам тұрады немесе облыс халқының 21,2 пайызы.

2015 жылғы қаңтарда АХАТ органдарында 1094 туу тіркелді. 698 адам қайтыс болды. Халық өлімінің негізгі себебі, бұрынғыша, барлық тіркелген өлім оқиғаларының 36,1 пайызын (өлгендердің әр бесіншісі) қан айналымы жүйесінің аурулары алып отыр. Жылдың басынан бері некелер мен ажырасулар 343 және 225 санын құрады.

Облыс бойынша халық көші-қонының айырмасы 2015 жылғы қаңтарда оң болды және 120 адамды құрады.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы, тұтынудың ең төмен нормаларынан есептегенде, күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері 2015 жылғы ақпанда 17576 теңге болды.

Ағымдағы жылғы ақпан айында 2014 жылғы желтоқсанға қарағанда тұтыну баға индексі 100,7 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларға баға - 1,2 пайыз, ақылы қызметтерге - 1,5 пайыз өсті, азық-түлік емес тауарларға - 0,6 пайыз төмендеді.

Облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2015 жылғы қаңтар-ақпанда 9 млрд. теңгеде қалыптасты немесе 2014 жылғы тиісті кезеңге - 114,5 пайызды құрады. Инвестициялардың жалпы көлемінен қаржыландыру көздері бойынша шаруашылық жүргізетін субъектілерінің өз қаражаттарына келеді (облыстық көлемінен 64,7 пайыз). Инвестициялардың негізгі көлемі Целиноград (19,7 пайыз), Ерейментау (12,7 пайыз), Аршалы (12,1пайыз) аудандары мен Көкшетау қ.ә. (17 пайыз) келеді.

Меншік нысандарының барлық түрлеріндегі ұйымдар және кәсіпорындармен жалпы көлемі 39,5 мың шаршы метр тұрғын үйлер іске қосылды немесе 2014 жылғы тиісті кезеңдегі деңгейден 190,2 пайыз, соның ішінде жеке құрылысшылармен облыс бойынша жалпы тұрғын үй көлемінен 71,6% салынды. Аудандық бөлінісінде 48,5 пайыз (19,2 мың шаршы метр) Целиноград ауданына келеді, Көкшетау қ.ә. - 30,3 пайыз (12 мың шаршы метр).

Бөлшек сауда айналымы есепті кезеңде 19,8 млрд. теңгені құрады (қоғамдық тамақтандыру айналымын қоспағанда) және 2014 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 5,7 пайыз көбейді.

Экономиканың нақты саласы. 2015 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 39,6 миллиард теңге, нақты көлем индексі 95,2 пайызды құрады. 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда карьерлерді қазу және кен өндірудегі нақты көлем индексі 92,7 пайыз, өңдеуде - 98,1пайыз электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау - 87,6 пайыз, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау - 114,9 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 2015 жылғы қаңтар-ақпанда Статистика комитетінің алдын ала бағалауы бойынша 9,8 миллиард теңгені құрады (2014 жылғы тиісті кезеңге 108,2 пайыз).

Облыстың барлық санаттағы шаруашылықтарында мал мен құстың барлық түрлерінен 13,9 мың тонна ет (2014 жылғы тиісті кезеңге 107,6), 28,1 мың тонна (107,3 пайыз) сүт, 101 миллион дана (128,3 пайыз) тауық жұмыртқасы өндірілді. Құс басының- 38,5 пайыз, жылқы - 11,2 пайыз, қой мен ешкі мал басының - 7,6 пайыз, ірі қара мал- 4,6 пайыз өскендігі белгіленді.

2015 жылғы 1 наурызға облыс аумағында 11721 заңды тұлғалар тіркелген, олардан жұмыс істейтіндер - 6706 (57,2 пайыз). Мөлшерлігі бойынша 97 пайыздан шағын, 2,2 пайыздан - орта және 0,8 пайыздан - ірі кәсіпорындарына келеді. Тіркелген заңды тұлғалардың ең көп саны көтерме және бөлшек саудаға, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуге келеді, олардың үлесі 20,7 пайыз құрады, ауыл, орман және балық шаруашылықтары - 11,9 пайыз, құрылыс - 11,3 пайыз болды.

Соңғы жаңалықтар