Ақмола облысында 2015 жылғы атаулы күндерді мерекелеуге дайындық басталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 2015 жылғы мерейтойлық күндерді меркелеу аясында облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді.
None
None

Еске салсақ, 2015 жылы республика Қазақстан дамуының тарихи оқиғаларын айқындайтын маңызды күндер - Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын, ҚР Конституциясының 20 жылдығын, Қазақстан халықтары Ассамблеясы жылдығын, Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап өтеді.

Жоспарда тақырыптық бағыттар бойынша негізгі бағдарлама айқындалды. Бұл құжат 197-тармақтан тұрады. Негізгі бағыт облыс халқын, әсіресе өскелең ұрпақты атаулы оқиғаларды мерекелеуге кеңінен тартуға бағытталды», - деп хабарлады Ақмола облысы ішкі саясат басқармасынан.

Мерекелеудің басты мақсаты - қазақстандық қоғамды Мемлекет басшысының индеялары мен Тәуелсіздіктің құндылықтары мен мұраттары айналасына шоғырландыру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.

Жоспарға сәйкес облыс бойынша Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына ықпал еткен тағдырлы оқиғалардың мәні мен маңыздылығын ашатын түрлі ірі ауқымдағы тақырыптық шаралар өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар