Ақмола облысында 33 жастағы ер адам құдыққа құлап мерт болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 33 жастар ер адам құдыққа құлап мерт болды.
None
None

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Қайғылы жағдай мамырдың 23-і күні кешкі уақыт 20:54 минут шамасында Еңбекшілдер ауданының Степняк қаласында орын алған. Сейфуллин көшесінің бойындағы жеке меншік үйлердің маңында ашық жатқан іші суға толы құдыққа 1982 жылғы ер адам абайсызда құлап батып кеткен. Опат болған адамның денесі Степняк қаласының ӨБ-21 кезекшілік бекетінің жеке құрамымен сыртқа шығарылды.

Соңғы жаңалықтар