10:53, 20 Шілде 2023 | GMT +5
Ақмола облысында 40-тан астам шетелдік заңсыз жұмыс істеген
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 40-тан астам шетел азаматы еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 маусым күні аймақтағы полиция қызметкерлері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңды рұқсатсыз Өзбекстанның 43 азаматына жұмыс берген Қазақстан Республикасының азаматын анықтады.
«Шетел азаматтары ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБТтК 519-бабы бойынша хаттама толтырылды», - деп жазды ІІМ-нен.