Ақмола облысында 5,4 мың адам тоталитарлық режімнің құрбаны болды

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Ақмола облысында саяси-қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу шарасы өтті.
None
None

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, митингке тоталитарлық режімнің қуғын-сүргініне ұшыраған қазақстандықтардың ұрпақтары, соғыс және еңбек ардагерлері, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды.

«Лагерлерде қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері ауыр зардап шекті. Ақмола облысында 5,4 мыңнан астам қуғын-сүргінге ұшыраса, оның 1640-ы жоғары жаза - ату жазасына кесілді. Олардың қатарында біздің танымал жерлестеріміз Смағұл Сәдуақасов, Әбілхайыр Досов, Асылбек Мұстафин, Зарап Темірбеков, Сабыр Шәріповтер болды. Біз олардың есімдерін әруақытта да жадымызда сақтаймыз», - деп атап өтті облыс басшысы Қосман Айтмұхамбетов.

Өңір басшысы өз сөзінде 2007 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен Целиноград ауданына қарасты Ақмол ауылында мұражай-мемориалды кешені ашылғандығын еске салды. Мұның барлығы тарихта орын алған сол бір қасіретті кезеңді мәңгі есте сақтау үшін жасалып отыр.

Митинг барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Валентина Соломина «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшысы Әлішер Мусин сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар