Ақмола облысында 5 545 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысы аумағындағы 381 орта мектептің 5 545 түлегі үшін соңғы қоңырау соғылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы қоңырау мерекесі барлық білім ошақтарында өз сән-салтанатымен өтіп, балғындар мен ата-аналар, ұстаздар қауымы мерекесіне ұласты. Көкшетау қаласындағы 18-ші орта мектептен 49 ұл мен қыз онжылдықты тамамдағалы отырса, оның 4-еуі алтыннан үміткер. Соңғы қоңырау салтанатында білім ошағының директоры Манар Қажыбайқызы бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, үлкен өмір жолында өз бағыттарын табуларына тілектестігін білдірді. Балғындар болса аяулы ұстаздарына әннен шашу шашып, ақ ниеттерін білдірісті. Ата-аналар бауыр еті балаларын білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға алғыстарын жаудырып, гүл шоқтарына бөледі.

Жалпы облыс аумағындағы 645 мектептің, 100-і бастауыш, 164-і негізгі, қалғандары орта мектеп болып саналады. Жаңа оқу жылының 185 орта мектеп бітірушісі «Алтын белгіден», ал 99-ы «Үздік аттестаттан» үміткерлер қатарында. Балғындардың 4 460-ы білім деңгейін бірыңғай ұлттық тестілеу арқылы сараптамақ, қалғандары емтихан тапсырмақ. Ал негізгі мектептің 12 635 оқушысы емтихан тапсыратын болады.

Соңғы жаңалықтар