Ақмола облысында 590 бақылаушы мен 2476 есепші ұлттық халық санағына кірісіп кетті

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін таңғы сегізден Ақмола облысы бойынша 598 бақылаушы мен 2476 есепші мемлекеттік маңызды іс шара - Ұлттық халық санағына кірісіп кетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық статистика басқармасының бастығы Ермек Мусинаның айтуынша, өңірде саяси және әлеуметтік маңызды шараға алдын ала тыңғылықты әзірлік жұмыстары қолға алынған. Аймақта халық санағына 75 бөлім жұмылдырылып отыр. Санақ бөлімдері 331 мектеп пен мәдениет ошақтарында орналастырылып, тұрақты байланыспен қамтамасыз ету мақсатында қосымша 309 телефон орнатылды, жұмыстың жеделдігін қамту үшін 256 көлік бөлінген. Санақ басталар алдында өңірдегі 125 мың 383 үй тұрғындарының тізімі, көшелердің атаулары, үйлердің нөмірлері тиянақталды. Алдын ала жүргізілген есепке сәйкес аймақтағы 675 елді мекенде 742 мың 39 адам тұрып жатқан көрінеді. Қазіргі жүзеге асырылып жатқан Ұлттық халық санағы барысында сол тұрғындар есебі нақтыланып, олардың әрқайсысы 45 сауалға жауап беретін болады. Соның негізінде өңірдің бүгінгі әлеуметтік ахуалы анықталып, болашағы айқындалмақ.
Соңғы жаңалықтар