13:02, 27 Шілде 2015 | GMT +5
Ақмола облысында 62 жастағы әйелдің өмірін қиған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 62 жастағы әйелдің өмір қиған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Полицейлердің мәліметі бойынша, жол апаты өткен түнде Ақмола облысы арқылы өтетін «Астана - Ерейментау - Шідерті» тас жолының 87 шақырымында орын алды. Астана қаласына бағыт алған «Мазда» жеңіл көлігінің 1983 жылғы жүргізушісі «айналып өту» белгісі қойылған жолдың рұқсат етілмеген жерінен, яғни, жөнделіп жатқан жеріне шығып кетіп, жол шегіндегі қоршауға соғылған. Осының салдарынан көлік жолаушысы 1953 жылғы әйел көз жұмған. Сондай-ақ көлік жүргізушісі мен тағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі кезде адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.