11:08, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ақмола облысында 88 елді мекен сапалы сумен қамтамасыз етілді
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында өткен жылы 160 мың адам тұрып жатқан 88 елді мекенде сапалы сумен қамтамасыз ету бағдарламасы шешімін тапты, бұл мақсатқа 4,3 миллиард теңге қаржы жұмсалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық мәслихаттың деректеріне сілтеме жасап. Республикалық «Таза су» бағдарламасы шеңберінде жыл ішінде жұмсалған қаржы 2007 жылмен салыстырғанда екі есеге артты. Бағдарлама аясында басымдық ашық ауыз су көзінен су тасып ішіп отырған елді мекендердің жағдайын жақсартуға аударылды. Айтулы іс-шара Астрахан, Бұланды, Егіндікөл, Зеренді, Қорғалжын аудандарында талап дегейінде шешімін тауып отыр. Оның сыртында Көкшетау мен Степногор қалалары тұрғындарын сапалы сумен қамту мәселесі өз деңгейінде іске асырылған.