20:51, 08 Тамыз 2015 | GMT +5
Ақмола облысында адам өліміне әкелген жол апатына кінәлі жүргізуші сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Целиноград аудандық сотымен азамат Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекесінің 296-бабының 2-бөлігімен (ескі ред.) айыпталған, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.

«Қорғалжын-Астана тас жолында азамат Ш. Астана қаласына бағыт талып көлік жүргізіп келе жатқанда қарсы бағытта автокөліктің жоқтығына көзі жетпестен, қарсы бағытқа шығып кеткен және қарсы бағытта жүріп келе жатқан «Audi 100» автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Audi 100» автокөлігінің жүргізушісі И. ауыр дене жарақатын алып, сол жерде қайтыс болды. «Lada» автокөлігіндегі Т. есімді жолаушы дене жарақаттарын алды», делінген хабарламада.
Сот үкімімен Ш. жоғарыда көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге қоныс колониясында жазасын өтеуімен бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.