10:39, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
Ақмола облысында ағымдағы жылдың қаңтар айында 6,9 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облыстық статистика басқармасының деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар айында өңірде 6,9 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 82,1 пайызды құрайды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жыл басынан бері аймақта алтын өндірісі 2,4 есеге азайса, «Степногор подшипник зауыты», «КамАз-Инжиниринг», «Алексеев доломит руднигі» акционерлік қоғамдарында жұмыс уақытша тоқтатылды. Оның басты себебі жүк көліктеріне деген сұранымның азайып отырғандығы. Облыс әкімі Альберт Рау Елбасының қабылдауында болғаннан кейін Қорғаныс министрлігінен 270 жүк көлігін сатып алатындығы белгілі болды. Ал «Қазақалтын» және «Васильков тау-кен комбинаты» акционерлік қоғамдарында өндірісті қайта жарақтау шаралары қолға алынған. Дегенмен, жылдың алғашқы айында өңдеу кәсіпорындарында өндіріс көлемі 2 есеге, пластмасса бұйымдарын шығару 47 пайызға артып отыр. Өндіріс тоқтағанымен жұмысшылар басқа учаскелерге тартылып, жұмыссыздықтың алды алынуда.