Ақмола облысында ағымдағы жылы 556,2 млрд.теңгенің 9 инвестициялық жобасы іске асырылады

КӨКШЕТАУ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысы бойынша ағымдағы жылы жалпы сомасы 556,2 миллиард теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба республикалық индустриалды картаға енгізіліп отыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жобалардың үшеуі республикалық мемлекеттік органдар бақылауында болса, 6 жоба облыс әкімдігінің қарауында. Аймақтық индустриалды картаға жалпы сомасы 12 миллиард теңгені құрайтын 4 жоба енгізіліп отыр. Олардың қатарында жуырда ғана Елбасының қатысуымен ашылған «Алтынтау» комбинаты бар. Жылдық қуаты 15 тонна алтын өндіруге негізделген жобаға 58,8 миллиард теңге инвестиция тартылған болатын. Ең бастысы мұнда екі мың адам жұмыспен қамтылып отыр. Еңбекшілдер ауданы аумағындағы «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жылына 2,4 миллион тонна темір кенін өңдеу және байытуға арналған кен-байыту фабрикасының құрылыс жұмыстары аяқталып қалған. Степногор қаласында қолға алынған «Қазақстан жылыжай технологиясы» жобасының жылдық қуаты 1832 тонна көкөніс өндіруге негізделген. Аумағы 3,56 гектар жылыжай өндіріс орнына бір миллиард теңге, ал Қорғалжын ауданында «Астана Агроөнім» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет комбинатына да осынша қаржы тартылып отыр. Мұнда жылына 5 400 тонна ет өнімдері өндірілмек. Егіндікөл ауданында «Бауманское-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бордақылау алаңында жылына 500 тонна ет өндіру көзделуде. Жобаның іске асырылуына 1,2 миллион теңге инвестиция қарастырылған. Жыл соңына дейін тағы да 4 жоба шешімін табады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар