Ақмола облысында алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды

Полицейлердің дерегі бойынша 2016 жылдың маусым және шілде айларында Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғындар хабарласып, алаяқтықпен айналысқан 26 жастағы азаматшаның үстінен арыз түсірген.

«Жедел іздестіру шарасы барысында  полицейлер күдіктіні ұстап, қылмысын әшкереледі.

Зардап шегушілердің бірі - Бурабай ауданындағы Зеленый бор ауылының 23 жастағы тұрғынының айтуынша, танысы оған 229 000 несие алдыртқан. Бастапқыда несиенің ай сайынғы төлемін уақтылы өтеп отырамын деп сендірген күдікті кейін ақша қолына тиген соң ізім-ғайып болған.

Кейін араға бір ай уақыт салып, күдікті тағы бір әйелді осындай айламен сан соқтырған. Бұл жолы зардап шегушіге несиеге 250 000 мың теңге алдыртқан», деп көрсетілген хабарламада.

Қазіргі кезде, күдікті қылмысын мойындап, түсініктеме берді.

Сондай-ақ, күдіктінің үстінен ҚР ҚК 190 бабының 1 бөлімі бойынша (алаяқтық)  қылмыстық іс қозғалды.