Ақмола облысында аң аулау ережесін бұзған 68 адам жауапқа тартылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 68 аңшы аң аулау ережесін бұзғаны үшін əкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында аң аулау ережесін бұзған 68 адам жауапқа тартылды

Ведомствоның дерегі бойынша, өңірде қаңтардың 15-25 аралығында «Сайғақ» жедел алдын алу шарасы өтті. Шараның мақсаты - заңсыз аңшылық жəне табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуының жолын кесу.

«Өңірде арнайы құрылған жедел-іздестіру тобы жүргізген рейд кезінде табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуы жəне табиғатты заңсыз пайдаланумен байланысты бірқатар әрекеттер анықталды. Осыған байланысты ҚР ƏҚбК 382 бабының 1 бөлігі бойынша 68 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан бөлек, 9 адам балық аулау ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ, аңшылық қаруды бірге алып жүру жəне тасымалдау ережесінің бұзылғаны да анықталды. Ол адамдардың барлығы заң алдында жауап береді», - деп түсіндірді Ақмола облысының ПД баспасөз хатшысы Əсем Əбдрахманова.

Жедел алдын алу шарасы барысында Ақкөл жəне Сандықтау аудандары аумағындағы ормандарды ағаш кесу сияқты қылмыстардың да жолы кесілді.

Осыған дейін Көкшетау қаласының "Smart city" жүйесіне көшетіні туралы жазғанбыз.