12:12, 03 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ақмола облысында әр мың адамның 250-і мерзімді басылымды жаздырып алады
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 3-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысында әр мың адамның 250-і жаңажылдық мерзімді басылымдарды жаздырып алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазпошта» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының бөлім меңгерушісі Гүлнәр Ахметованың айтуынша, ағымдағы жылы жеке және заңды тұлғалар жергілікті газеттерге ерекше ден қойған. Бұл ретте барлық жаздырып алынған басылымдардың 55 пайызы облыстық, аудандық және қалалық газеттер, ал республикалық газет-журналдардың үлесі 33 пайызды, ресейлік басылымдар 12 пайызды құрап отыр. Бұл ретте алдағы уақытта 90 жылдық торқалы тойын атап өткелі отырған еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстан» 5 мың, ал «Казахстанская правда» 6,5 мың данамен таралып отыр. Жергілікті газеттер арасында облыстық «Арқа ажары» мен «Акмолинская правда», қалалық «Көкшетау», Щучье ,Бұланды, Жарқайың, Зеренді аудандық басылымдарының таралымдары өткен жылға қарағанда едәуір артқандығы байқалады.